Саяси сахна

Кабулдан Алматыға тағы жүзге жуық БҰҰ қызметкері жеткізілді

  • Кабулдан Алматыға тағы жүзге жуық БҰҰ қызметкері жеткізілді

    Кабулдан Алматыға тағы жүзге жуық БҰҰ қызметкері жеткізілді

Олар Алматыда Ауғанстандағы жағдай тұрақталғанға дейін болады. Ол шамамен жарты жылға созылуы мүмкін. Кабулдан Алматыға тағы бір топ Біріккен ұлттар ұйымы қызметкерлері жеткізілді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі.

БҰҰ қызметкерлері мінген ұшақ Алматыға 22 тамызда қонды. Ұшақта жүзге жуық адам болды.

Қазақстанға БҰҰ қызметкерлі бар алғашқы рейс 18 тамызда орындалды. Оның ішінде Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі БҰҰ миссиясының (UNAMA) 141 қызметкері болған.

Содан кейін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Біріккен ұлттар ұйымы Алматыда тағы 69 қызметкерді қабылдауды сұрағанын хабарлады.

БҰҰ қызметкерлердің Кабулдан қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шығарылғанын айтты. Олар өз жұмысын қашықтан, Алматыда отырып атқарады.

Оқи отырыңыз: Талибан* Кабулдағы Қазақстан елшілігіне қауіпсіздікті уәде етті

Қазақстанға келгендер халықаралық дипломаттар, БҰҰ паспорты мен дипломатиялық иммунитеті бар мамандар.

Олар Алматыда Ауғанстандағы жағдай тұрақталғанға дейін болады. Ол шамамен жарты жылға созылуы мүмкін. Қызметкерлердің үй-жайы, кеңсені жалға алу және өзге де шығындарына қаржы БҰҰ бюджетінен бөлінген.

Ауғанстандағы жағдай Талибан* қозғалысының өкілдері билікке келгеннен кейін шиеленісе түсті. Шетелдік қызметкерлер мен шетелдік миссияларда жұмыс істейтін ауғандықтарды эвакуациялау Кабулдағы жалғыз әуежай арқылы жүзеге асырылады. Ол жер АҚШ пен НАТО елдерінің әскери күшінің бақылауына алынған.

Талибан* – Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.




Көрілген: 690    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.08.2021, 13:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31