Саяси сахна

Қалмұханбет Қасымов Қырғызстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысымен кездесті

  • © Ақорда

    © Ақорда

Бішкек қаласында Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы қауіпсіздік кеңестері аппараттары арасындағы кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті, деп хабарлайды kaz.zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың және Қырғыз Республикасы Қаупсіздік Кеңесінің Хатшысы Дамир Сагынбаевтың төрағалығымен өткен келіссөздерге орталық мемлекеттік органдар басшылары қатысып, ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.


Тараптар өңірлік қауіпсіздіктің қазіргі және ықтимал қауіп-қатерлері бойынша пікір алмасып, халықаралық терроризмге және діни экстремизмге бірлескен қарсы әрекетті егжей-тегжейлі қарастырды. Оның ішінде бүгінгі қалыптасқан ахуалды ескере отырып, алдағы уақытта аталған бағытта үйлесімді жұмысты күшейтудің маңыздылығы айтылды.


Сонымен қатар консультациялар барысында заңсыз есірткі айналымымен күрес және миграциялық заңдылықты бұзу бойынша Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік органдарының ынтымақтастығы сөз болды. Бұл бағыттардағы өзара әрекеттестіктің қазіргі жағдайына талдау жүргізіліп, жұмысты жақсарту мақсатында нақты ұсыныстар жасалды.


Кездесудің қорытындысы бойынша екі елдің тиісті мемлекеттік органдарына нақты тапсырмалар берілді. Бұдан басқа, Қ.Қасымов пен Д.Сагынбаев 2020-2021 жылдарға арналған Қазақстан мен Қырғызстан қауіпсіздік кеңестері аппараттары арасындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойды.


 




Көрілген: 445    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.11.2019, 13:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31