Саяси сахна

Канада Ауғанстаннан 40 мың босқын қабылдайды

  • Канада Ауғанстаннан 40 мың босқын қабылдайды

    Канада Ауғанстаннан 40 мың босқын қабылдайды

Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо Ауғанстаннан 40 мың босқын қабылдайтыны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін иммиграция министрі Марко Мендицино Канада ең әлсіз топтардан 20 мыңнан астам ауған азаматтарын қабылдайтыны туралы айтты.

"Канада 40 мың босқын қабылдайды және басқаларды босқындардың қауіпсіз қоныс аударуына қолдау көрсетуге шақырамыз", - деп жазды Трюдо Twitter-де.

Тамыздың басында Талибан (Қазақстанда "Талибан" қозғалысына тыйым салынады) Ауғанстанның үкіметтік күштеріне қарсы шабуылдап, 15 тамызда Кабулға басып кірді, келесі күні соғыс аяқталды деп мәлімдеді. Тамыздың кейінгі екі аптасында АҚШ әскери күштері қорғауындағы Кабул әуежайынан Батыс елдерінің азаматтары, олармен жұмыс істеген ауғандықтарды жаппай эвакуациялау жүзеге асырылды. 31 тамызға қараған түні АҚШ әскери күштері Кабул әуежайынан шықты. Қыркүйектің басында Ауғанстан Уақытша үкіметінің құрамы жарияланды, оны "Талибанның" алғашқы билігі кезінде сыртқы істер министрі болған және 2001 жылдан бастап БҰҰ санкцияларына ұшыраған Мохаммад Хасан Ахунд басқарады.




Көрілген: 433    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 11:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31