Саяси сахна

Қандастар үшін азаматтық алу шаралары жеңілдетілді

  • Қандастар үшін азаматтық алу шаралары жеңілдетілді

    Қандастар үшін азаматтық алу шаралары жеңілдетілді

Құжаттар тізімі екі есеге қысқарады.

Ішкі істер министрлігі этникалық қазақтардың Қазақстан азаматтығын қабылдау тәртібін жеңілдету үшін дәйекті шаралар қабылдауда, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қандастарға бір мезгілде Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуға және Қазақстан азаматтығына қабылдауға құжаттар ұсыну мүмкіндігі заңды түрде енгізілді.

Бұрын олар бұл процедуралардан бөлек өтетін, ал тұрақты тұру рәсімі 2 айға созылатын.

Бұдан соң бір ай ішінде тұруға ықтиярхат дайындалды, содан кейін ғана Қазақстан азаматтығына алдын ала құжат тапсыруға болады. Бұл 3 ай көлемінде қаралатын.

Қазір барлық үш кезең бір уақытта өтеді.

Жыл басынан бері Қазақстан Республикасының азаматтығына 2935 отандасымыз осындай тәртіппен қабылданды.

Қазіргі уақытта осы мысал бойынша қандастарға қандас куәлігін беруден бастап азаматтыққа қабылдауға дейінгі жұмыстарға тартылған барлық мемлекеттік органдардың (еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сыртқы істер, ішкі істер, ақпарат және қоғамдық даму министрліктері, жергілікті атқарушы органдар) жұмысының бірыңғай алгоритмі енгізілуде.

Нәтижесінде:

олар тек ХҚКО-ға бір рет жүгінетін болады (әр мемлекеттік органға жеке емес);
құжаттар тізімі екі есеге қысқарады;
барлық кезеңдерден өту мерзімі 90 күнді құрайды (материалдарды қазіргідей кезек бойынша емес, барлық мемлекеттік органдар бір мезгілде қарайтын болады).         




Көрілген: 616    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.09.2021, 23:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31