Қаңтар оқиғалары Nur Otan депутаттарының лайықты беделі жоқтығын көрсетті – Президент

28 қаңтар 2022, 17:46

Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партия мүшелерінің өңірлердегі өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге қатысуын күшейту қажет, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
«Мәслихат депутатының төсбелгісін өңірлік элитаға қатысын білдіретін алдамшы атрибут немесе жоғары кабинеттерге рұқсаттама деп қарастырмау керек. Бұл оның халық атынан сайланғанын және халық мүддесі үшін жұмыс істеуі қажеттігінің айғағы. Депутаттар осы түбегейлі айырмашылықты нақты түсінуі керек. Әзірге біздің депутаттардың азаматтар арасында лайықты беделі жоқ. Бұл қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде айқын көрінді», - деді Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде.