Саяси сахна

Қар құрсауындағы астана: әртүрлі жылдардағы әкімдер онымен қалай күресті?

  • Қар құрсауындағы астана: әртүрлі жылдардағы әкімдер онымен қалай күресті?

    Қар құрсауындағы астана: әртүрлі жылдардағы әкімдер онымен қалай күресті?

Биылғы қыста жауған қардың көптігі 1964 жылғы рекордты қайталады.
Әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласында биылғы қыстың басты тақырыбы қардан тазарту жұмыстары болды. Бұл жөнінде кім не жазбады? Кейбіреулер әкімдерді және коммуналдық шаруашылық қызметтерге жауаптыларды сапасыз жұмысы үшін және көшелерді қардан уақытылы тазаламайды деп айыптады. Кейбірі аязды, қарлы күн райында жұмыс істеу оңай емес деп жұмысшыларды ақтап жатса, әкімдердің де қауырт тірлігіне түсіністікпен қарауға шақырғандары болды. Әлеуметтік желілердегі жазбалардан астананың қазіргі әкімі Алтай Көлгіновті ғана айтып, шаһардың бұрынғы мэрлері кезіндегі ахуалды «ұмытып кеткендігін» аңғардық. Ал шындығында қай пікірдің ақиқаты басым? Zakon.kz тілшісі соны сараптауға тырысыпты.

Қармен күрес туралы хикая
...дәл осылай болды, бірақ Қазақстанның астанасы әлемдегі ең суық және қарлы қалалардың бірі болып саналады. Қар тазарту мәселесі шаһардың негізі қаланғаннан бері күн тәртібінен түскен емес. Ғаламтор көзінен бұрынғы Целиноград кезіндегі суреттерді қарасаңыз, орталық көшелердің бірінде кеңестік дәуірдің ең танымал тракторы қар күреп жүр. Немесе Целиноград тұрғындарының боранды күні қарлы төбелерлерді фонға алып түскен фотолары да бар.

Егер соңғы он жылдағы қар тазарту барысындағы шараларды еске түсіретін болсақ, әр қыс сайын елорданың әкімшілігі, коммуналдық қызметтері мен тұрғындары қиын сынақтан өткенін аңғарамыз. Әлеуметтік желілердегі және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жазбалар - бұған дәлел.

Қарлы қыстағы Көлгінов


Биылғы қыста жауын-шашынның көптігі соншалық, 1964 жылғы рекордты қайталапты. Ал сол кездегі солтүстіктің тұрғындары қай климаттық аймақта тұратындарын ұмытпай, ынтымақтасып қолдарына күрек алса, елордалықтардың қазіргі ұрпағы қыс бойы таза асфальт көшені талап етеді.
Қала тазалығы және қар күреу жұмыстарына «Астана Тазалық» коммуналдық кәсіпорнымен қатар, жекелеген мердігерлік ұйымдар да жауапты. Олардың барлығы тиісті жұмысты бір деңгейде атқара бермейтін кездер де бар. Мәселен, қаңтар айында ғана әкімдік осындай бірнеше компаниямен келісімшартты бұзған екен. Бұған жұмыстарына немқұрайлы қараған ПИК-тер де қосылуы керек, белсенділігі, дәлірек айтқанда, шаруалары көңіл көншітпейді, тек қыс мезгілінде ғана емес, өзге уақыттарда да шағымдары көп.
Әкімдіктің ресми мәліметтеріне сүйенсек, барлық ПИК-тердің жартысына жуығы өз міндеттерін орындай алмай отыр. Нәтижесінде, жауапкершілікті ескермейтін жекеменшік ұйымдардың кесірінен тротуарлар мен жолдар тазартылмаған күйінде қалады. Жалқау ПИК-тердің шалалығынан үйлердің шатырында ілулі тұрған, адам өміріне қауіпті мұздар түсірілмейді, үйме қарлар тазаланбайды. Осының өзі «D» витаминінің жетіспеушілігімен бірге, көңіл-күйді бұзуға және астаналықтардың ұйымдасқан түрдегі наразылығын тудыруға жеткілікті.
Елорда тұрғындары жайлы жағдай жасауды және қаланы қардан уақтылы тазартуды талап етуге, әлбетте құқылы. Десе де, біз тапсырманы бірге шешуіміз керек.
Еске сала кетейік, қала аумағын тазарту белгілі бір классификацияға сәйкес жүргізіледі. Әсіресе, қоғамдық көліктер жүретін магистральдарға, көшелер мен әлеуметтік нысандардың жолдарына алдымен басымдық беріледі. Содан кейін тұрғын аудандардағы және өзге жолдар тазартылады. Қар ұзақ уақыт бойы жауып, мөлшерден көп болса, басты көшелерді үнемі тазалап отыру керек. Қаланы абаттандыру ережелеріне сәйкес, кішігірім көшелер қар жауғаннан кейін бес күннен кешіктірілмей тазартылуы тиіс. Сонымен қатар, көшелерді тазартуға қала әкімдігімен бірге, жер иелері де жауапкершілікпен қарағаны дұрыс. Объектіден бес метр радиустағы аумақты ПИК немесе шаруашылық жүргізуші субъект қардан тазартады. Коммуналдық қызметтер тротуарларды және квартал ішіндегі жолдарды тазартуға жауап береді.

Иманғали Тасмағамбетов қарды қалай жеңді?


2012 жылы қаланы Иманғали Тасмағамбетов басқарды. Сол жылы желтоқсан қарлы болды. Содан кейін елорда басшысы мектеп оқушыларын қар тазалауға жұмылуға шақырды. Балалардың жұмыс істегеніне ашуланған ата-аналарға ол былай деп жауап берді:
«Ауа-райының жағдайы қосымша күш пен жоғары сынып оқушыларының көмегін қажет етті. Бұл жағдайда оқушылар өздерінің азаматтық жауапкершілігін көрсете алады және өз мектебінің аумағындағы қардан тазартуға көмектесуі керек. Еріген қар жертөлелер үшін төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін. Техникалық қызметкерлер ең алдымен ғимарат ішіндегі тәртіпке жауап береді. Мен өз қаламның шын иесі болу әр оқушының міндеті деп санаймын. Бұл үшін кейде күрек алып, физикалық еңбекпен айналысуға тура келеді», деп жазды әкім.

Әділбек Жақсыбековтың қысы


2014 жылғы 29 желтоқсанда БАҚ беттері елорда әкімі Әділбек Жақсыбековке қарсы шағымдарға толы болды. Астана әкімдігі қардың нашар тазалануына себепкер деген сыңайдағы жағымсыз реакциялармен толықты. Журналистер сол жылдың желтоқсан айының соңына дейін жауған қар, боран, аяз және мұз туралы жазды. Соңғы табиғи құбылыстың салдарынан бір демалыс күндері көшедегі тосын жағдайдан жарақаттанған 150 адам Алматы ауданындағы жедел жәрдем бөліміне жүгінді. Оның 73-і қол-аяғын сындырып алған. Сонда да, бұқаралық ақпарат құралдарында оң жағалаудағы қарды тазарту жұмыстары біршама тез және сапалы болғандығы, бұл іс жүзінде жоғарыдағы ережелерге сәйкес келетіндігі айтылды.

Әсет Исекешев елорданың үздік менеджері ме?


Таза емес жолдар мен тротуарларға шағымданған қала тұрғындары Әсет Исекшевтің қаланы тазартуға қалай көмектескенін мысалға келтіреді. Бірақ адам баласының санасы сондай, уақыт өткен сайын тек жақсы істер ғана ойымызда қалады да, кейбір фактілер өшіріледі. 2016 жылдың қараша айының ортасында бұрынғы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев сол кездегі Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевке көшелерді қардан сапасыз тазалап, көлік кептелістерінің жиілігіне соқтырғаны үшін қатаң сөгіс жариялаған болатын
«Бүкіл қала тұрғындары жұмыстарына кешігіп кетті. Мүлде дайындық шаралары қолға алынбаған. Бұл сіздің қала әкімі ретіндегі алғашқы қысыңыз. Яғни, алғашқы сынақ. Осы жағдайдан абыроймен шыққаныңызды қалаймыз», - деп ескертті бұрынғы үкімет басшысы.
Айтпақшы, Әсет Исекешевті сынға алуының тағы бір себебі әлгі кептеліске байланысты премьер-министрдің үкіметтегі жиналысқа кешігіп келгендігімен де байланысты болуы мүмкін. Бұл туралы сол тұста әкімге де айтқан.
Сондай-ақ, тұрғындар да төтенше жағдайдың салдары туралы шағымданып жатты. Алайда алғашқы қар жауғанға дейін, бірнеше ай бұрын олар Исекешов туралы мақтау сөздерін аямаған болатын. Әйтсе де, Әсет елорда әкімі қызметінен кеткеннен кейін, әлеуметтік желілер оны ұнататындардың, яғни қаланың ең жігерлі және экономикалық, әлеуметтік жағынан ең ашық және қол жетімді басшы екендігі туралы мәлімдемелеріне толы болды. Бұдан біраз уақыт бұрын, 2017 жылдың көктемінде, ЭКСПО көрмесі қарсаңында, жаңбыр жауып, кәріздердің нашар жұмыс істеуінен қаланы су басқаны бар. Ол кезде желіде астанамызды екінші Венеция деп атаған адамдар да болды. Қауіпсіздік Кеңесінің қазіргі хатшысының есімі көптеген ашулы хабарламалардың арқасында хэштегке айналды. Өкінішке орай, мұндай халықтың пейілі өзгергіштікке және тұрақсыздыққа бейім және көбінесе ұсақ-түйектерге байланысты. Иә, ол да тұрғындарды коммуналдық қызметтерге қардан тазартуға көмектесуге шақырды.

Бақыт Сұлтановтың аязды қысы


Бүгінгідей, астаналықтар 2018 жылғы қарашаның соңында да қаланы қардан тазартуда енжарлық танытқан әкімдік пен коммуналдық қызметтерге наразылық білдірді. Ол кезде астананы Бақыт Сұлтанов басқаратын. Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында кептеліс туралы жаңалықтар бірнеше рет жарияланды. 24 қараша күні 2GIS картасының мәліметтеріне сәйкес, жолдарда жеті нүктеде кептеліс пайда болды. Бұл ахуал барлық орталық магистральдарда орын алды: Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Республика және Тұран даңғылдары, сонымен қатар Сарайшық, Бараев көшелері, Алаш, Қорғалжын және басқалар.
Әлеуметтік желілерде тұрғындар қарды тазарту туралы ақпаратпен бөлісіп, «Астана: Не? Қайда? Қашан?», «Астана. Мен мақтағым келеді / шағымданамын» топтарына суреттер салып жатты. Әкімнің жекесіне де жолданды. Кейбір әлеуметтік желілерді қолданушылар оны «кабинеттік» басшылық стилі мен қала шаруашылығына қыры жоқтығы үшін сынға алды. Бәзбіреулер әкім қар тазалайтын жабдықтың қайда екенін де білмейді деп әзілдеді. Алайда, бұл қыс бастапқы кезіндегі қарды айтпағанда, аса қиынға соққан жоқ. Шамасы, былтыр Бақыт Сұлтановты тұрғындар онша көп мазаламағандықтан болар, оның әкім қызметіндегі өкілеттік мерзімі өте қысқа болды.

Қыс 2020
Биылғы қыста қар мөлшерден тыс көп жауды. Полигондарға шығарылған қардың көлемі 4 220 000 текше метрден асты. Қарлы борандар мен жауған қаррға қарамастан, әкімдік көліктің жаппай кептелісінің алдын ала алды. Қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтаған жоқ, сумен, жылумен және электрмен қамтамасыз ету үзілген емес. Ең бастысы да осы емес пе?.
Күні-түні қармен күрескен Алтай Көлгінов осы шаруаға тікелей жауапты коммуналдық қызметшілердің өздерін де назардан тыс қалмады. Ол қызметкерлермен жеке кездесті, ең еңбекқорларын марапаттады және жалақыларын өсірді. Қала тұрғындары қалың ұйқыда жатқан кезде қардан тазарту жұмыстарын жүйелі түрде тексеру шаралары әкімдіктің астаналықтардың ыңғайлылығы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқандығының дәлелі болып табылады.
Әзірге, қармен күрес жұмыстары еңсерілді. Алда елорданы су тасқынында қалдырмау кезеңіне байланысты қиын сынақ күтіп тұр. Егер әкімдік осы жағдайға төтеп беріп, еріген су маусымы кезінде үлкен шығындарға жол бермесе, онда биылғы жыл тұрақты және ешқандай сілкініссіз өтіп жатыр деп айтуға болады.
 




Көрілген: 574    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.02.2020, 15:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30