Саяси сахна

«Карантин – біздің ортақ қауіпсіздігіміз!»: Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады

  • «Карантин – біздің ортақ қауіпсіздігіміз!»: Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады

    «Карантин – біздің ортақ қауіпсіздігіміз!»: Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады

 Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз түнгі сағат 00:00-ден бастап карантин енгізіледі. Осыған орай, Алматы әкімі қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Құрметті алматылықтар, біздің әрқайсымыз үшін аса жауапты сәт туды. Карантин режиміне орай мегаполистің бүкіл тіршілігі жаңа ереженің талаптарына сәйкес қайта құрылады. Карантин қолайсыздық тудырып, әдеттегі қалыптасқан тіршілік дағдысын бұзуға мәжбүр етеді. Бұған түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын!

Карантин – біздің ортақ қауіпсіздігіміз! Қаланың, жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін енгізіледі. Төтенше жағдайда әрбір қала тұрғынының саналы әрекеті мен қоғамдық тәртібі өте маңызды. Біздің ұстамдылығымыз бен ынтымақтастығымыз, өзара жанашырлығымыз бен төтенше жағдай кезіндегі жауапкершілігіміз қаламызды қорғап қалады. Біз бірге жеңеміз!», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Карантин кезіндегі негізгі шаралар:

– мегаполисте өзін-өзі оқшаулау және үй карантині арқылы эпидемияға қарсы ауқымды іс-шараларды жүргізу;

– көшелерді, тратуарларды жуу және дезинфекциялау;

– қоғамдық орындар мен тұрғын үйлерде санитарлық-эпидемиялогиялық дезинфекцияны күшейту;

– азаматтар мен автокөлік құралдарының Алматы қаласы аумағына кіріп-шығуын шектеу;

– Алматы қаласына кіре берістерге 27 блок бекеттерін орнату.

«Хабар 24».




Көрілген: 300    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.03.2020, 20:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30