Қаржы мониторингі комитеті Елжан Біртановтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді

01 қараша 2020, 01:28

Комитет тергеу құпиясын сақтау қажеттігін атап өтті.
Қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг комитетінде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпаратты растамады, деп хабарлайды Today.kz порталы "Хабар 24"-ке сілтеме жасап. Алайда, жоққа да шығарған жоқ.Хабарламада комитет тергеудің құпиясын сақтау қажеттілігін алға тартып, телеарнаның сұрауына ресми түсініктеме беруден бас тартқаны атап көрсетілген.

"Комитеттің баспасөз хатшысы Арман Жүнісовтің айтуынша, дүйсенбіде ресми түсініктеме беріледі", - делінген хабарламада.

Бұған дейін «ҚазТАГ» өзінің дереккөзіне сілтеме жасай отырып, бұрынғы денсаулық сақтау министрінің ұсталғанын хабарлады. БАҚ Елжан Біртановтың қаражат жымқыру ісі бойынша ұсталғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметін 2020 жылдың маусым айында босатқан болатын.

 Today.kz