Саяси сахна

Қаржы пирамидаларының шуы: Тоқаев қаржы ұйымдарының жұмысын мұқият тексеруге тапсырма берді

  • Қаржы пирамидаларының шуы: Тоқаев қаржы ұйымдарының жұмысын мұқият тексеруге тапсырма берді

    Қаржы пирамидаларының шуы: Тоқаев қаржы ұйымдарының жұмысын мұқият тексеруге тапсырма берді

Мемлекет басшысы құқық қорғау құрылымдары мен қаржы нарығын қадағалайтын және мониторингтейтін мемлекеттік органдар басшыларына тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.

Жиында ел азаматтарына айтарлықтай материалдық шығын келтірген қаржы-несие ұйымдарының заңсыз қызметіне тосқауыл қоюға байланысты мәселе қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда наразылық тудырған жағдайды егжей-тегжейлі тексеруді, азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін шаралар қабылдауды және кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды. Мемлекет басшысы болашақта мұндай жағдайға жол бермеу керектігін және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар кеңесте Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден ұлттық заңнамаларды бұза отырып әкелінген автокөліктерді тіркеу мәселесі де талқыланды.

Президент Үкіметке Қазақстанның заңнамаларын, мемлекеттік бюджеттің де, автокөлік иелерінің де мүдделерін ескере отырып, аталған проблеманы шешу нұсқаларын әзірлеу жөнінде тапсырма берді. 




Көрілген: 371    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 16:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31