Саяси сахна

Кәсіпкерлерге шығын келтіргендердің ісі ауыр қылмыспен теңестірілуі керек – Тоқаев

  • Кәсіпкерлерге шығын келтіргендердің ісі ауыр қылмыспен теңестірілуі керек – Тоқаев

    Кәсіпкерлерге шығын келтіргендердің ісі ауыр қылмыспен теңестірілуі керек – Тоқаев

Президент кәсіпкерлерге орасан зор шығын келтірген мемлекеттік аппарат пен басқа да тұлғалардың ісі ауыр қылмыспен теңестірілуі керек деп санайды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жаңғырту мәселелері жөніндегі кеңесте мемлекеттік қызметшілер мен кәсіпкерлердің өзара ықпалдастығына қатысты мәселені қозғады, деп хабарлады Ақорда.

"Кәсіпкерлерге орасан зор шығын келтірген мемлекеттік аппарат пен басқа да тұлғалардың ісі ауыр қылмыспен теңестірілуі керек деп санаймын. Бұл мәселені шұғыл түрде заңнамалық тұрғыдан рәсімдеу қажет", &ndash деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің жиында сөйлеген сөзіне түсіндірме берді.

"Сіздер айтқандай, бизнестің мүддесін қорғауға және ілгерілетуге қатысты "кедергілер арқылы жүгіру" дейтін лабиринт бар сияқты. Мәселені іс жүзінде де, заңнамалық бастамалар тұрғысынан да шешу керек. Бұған қатысты тиісті тапсырма беремін. Ал арбитражға, сарапшылар қауымдастығын тартуға байланысты нақты мәселелерге келер болсақ, бұл ұсыныстарға жете мән беру қажет деп ойлаймын", &ndash деді мемлекет басшысы.

Тоқаевтың пікірінше, мәселені тиісті мемлекеттік органдар мен үкімет қарастырып болғаннан кейін, шұғыл түрде нақты шешімдер қабылдаған жөн.

sputnik.kz




Көрілген: 604    Пікірлер: 0

сенбі, 13.02.2021, 02:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30