Саяси сахна

Қасым-Жомарт Кемелұлымен Қазақстанның жолы болды – Роза Отумбаева

  • Қасым-Жомарт Кемелұлымен Қазақстанның жолы болды – Роза Отумбаева

    Қасым-Жомарт Кемелұлымен Қазақстанның жолы болды – Роза Отумбаева

Қырғызстанның өтпелі кезеңдегі Президенті Роза Отумбаева Қасым-Жомарт Тоқаевты жоғары деңгейдегі дипломат және саясаткер ретінде сипаттайды. Бұл туралы ол «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.


Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Кемелұлы білікті маман, классикалық білім алған нағыз дипломат.

"Ол жоғары дипломатияның негіздерін жақсы білетін адам. Оның үстіне әлемдегі ең мықты дипломатиялық мектептің бірімен жұмыс істеді. Сондай-ақ ол Совет тұсындағы және қазіргі Сыртқы істер кеңсесінің жұмысын жақсы біледі. Бұл саладағы ресейлік әріптестерімен де бұрыннан таныс. Мұның барлығы оның артықшылығы",-дейді Отумбаева.


Сонымен қатар ол Қазақстан тәуелсіздік алып, жас мемлекетті құру кезінде білікті дипломат алғы шепте тиімді жұмыс істегенін атап өтті.

"Ол жас мемлекеттің құрылу кезеңінен бері жұмыс істеп келеді. Менің ойымша бұл жағынан Қазақстанның жолы болды. Сыртқы саясатпен байланыс орнатуда Қазақстанның дипломатиялық өкілдерінің алғы шебінде Қасым-Жомарт Кемелұлы сияқты біліктілігі жоғары мықты маман тұрды. Ол Елбасының сенімді арқасүйері болды. Қазақстан өз бетінше ел болып құрылған кездегі дипломатиялық жасақтың маңызы өте жоғары еді. Бұл тұста жарты әлемді жақсы білетін әрі бұл салада тәжірибесі мол мамандардың басшылыққа келуі үлкен жетістік болды",-дейді Роза Отумбаева.


Айта кетсек, 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстан Республикасы президентінің сайлауы өткен болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңіске жетіп, 12 маусым күні ресми түрде жұмысқа кіріскен еді.




Көрілген: 612    Пікірлер: 0

сенбі, 12.06.2021, 12:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31