Саяси сахна

Қасым-Жомарт Тоқаев 68 жасқа толды

  • Қасым-Жомарт Тоқаев 68 жасқа толды

    Қасым-Жомарт Тоқаев 68 жасқа толды

Бүгін, 17 мамыр Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Мемлекет басшысы 68 жасқа толды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысының хатшысы Берік Уәли президенттің туған күн тойлағысы келмейтінін айтқан еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы мамырда Алматыда дүниеге келген. Ол қаладағы №25 мектеп-гимназиясын тәмәмдаған. 1970 жылыТоқаев КСРО Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына оқуға түскен. 5-курста КСРО-ның ҚХР-дағы Елшілігіне диплом алдындағы жартыжылдық тағылымдамаға жіберілді.

Еңбек жолын мемлекет басшысы 1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінде бастады: оны Сингапур Республикасындағы кеңестік елшілікке жібереді. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына қайта оралып, 1983 жылы Пекин лингвистикалық институтындағы 10 айлық тіл курстарына қатысу үшін Қытай Халықтық Республикасына аттанды.

1984-1985 жылдары КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызметте болды. Одан кейін Пекиндегі кеңестік елшілікке жолданып, онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарын атқарды. 1991 жылы Мәскеудегі КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының дипломатиялық басшы кадрлардың біліктілігін арттыру курстарына түсті.

1992 жылы Тоқаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол 1993 жылы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары және 1994 жылы Сыртқы істер министрі атанды.

1999 жылдың наурыз айында премьер-министрдің орынбасары болды.

1999 жылдың қазан айында Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы президентінің жарлығына сәйкес премьер-министр лауазымына тағайындалды.

2002 жылдың қаңтарында отставкаға кетіп, кейін мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

2007 жылдың қаңтарына дейін Сыртқы істер министрі ретінде жұмыс істеп, кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды.

2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кететінін жариялады. 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің міндетін атқарушы ретінде ант қабылдады. 2019 жылы 10 маусымда президенттік сайлауда жеңіске жетті.




Көрілген: 434    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.05.2021, 10:51

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31