Саяси сахна

Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Еуразиялық медиа форум қатысушыларына құттықтау жолдады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда XVI Еуразиялық медиа форум жұмысын бастады. Биылғы форумның негізгі тақырыбы «Бүгінгі әлем: шындық трансформациясы», деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Алқалы жиында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.


«Құрметті форум қатысушылары, кезекті медиа форумның басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Осыдан 15 жылдан астам уақыт бұрын аталған алаң құрылып, онда журналистер қоғамдастығы барынша өзекті тақырыптар төңірегінде кеңінен пікір алмасады. Форумның өзі 2001 жылы Нью-Йоркте орын алған белгілі оқиғадан кейінгі әлемдік геосаясаттағы айтарлықтай өзгерістерді ой елегінен өткізу үшін туындаған еді. Медиа форумда жылдан жылға халықаралық және өңірлік күнтәртіптегі ең өткір, көкейтесті пробелмалар талқыланады», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.


ҚР Президенті форум жұмысына медиақоғамдастықтың 7,5 мыңнан астам өкілі, оның ішінде әлемнің 60 елінен 700 сарапшы қатысып жатқандығын атап өткен.


«Қазақстан өз дамуының маңызды кезеңіне өтті. 9 маусымда кезектен тыс президенттік сайлау өтеді. Бұл оқиға халықаралық қоғамдастықтың айрықша назарын аударып үлгерді. Мен іс басындағы Қазақстан Президенті ретінде әділ, әділетті және демократиялық сайлау өткізуден таймаймын. Сондықтан халықаралық байқаушылар делегациялары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуын қолдаймын», - деп атап өтеді Мемлекет басшысы құттықтауында.


Сонымен қатар Президент әлемдік қоғамдастық адамдарды ақпараттардың заңсыз таралуынан қорғау мәселесіне алаңдаушылық танытып отырғандығына, цифрлық технологияларды қолдану арқылы сайлаулар мен саяси процесстерге араласу проблемасын белсенді талқылап жатқандығына назар аудартты.


«Әлеуметтік институттар Интернет пен әлеуметтік желілердің, әсіресе өсіп келе жатқан жас буынға деструктивті ықпалына алаңдаушылық танытып отыр. Адамдар жаңа құбылыстар миен қатерлерге иммунитеттің қалыптасуын қажетсінеді. Мұның барлығын және өзге де проблемаларды медиа қоғамдастықтар жан-жақты жауап алу мақсатында байыппен зерделеуі қажет», - деп атап өтеді Қасым-Жомарт Тоқаев.


 




Көрілген: 360    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.05.2019, 11:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30