Саяси сахна

Қасым-Жомарт Тоқаев Әкімшілік кодекске өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды

  • Фото: akorda.kz

    Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістерге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

 

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

 

Сенат өзгерістерді 24 маусымда қабылдады. Жаңа ереже бойынша құқықбұзушылықтардың төрт түрін қарау және жаза қолдану бойынша учаскелік инспекторлардың өкілеттіктері кеңейеді:

 

* кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүруі;

* көлік құралдарында кәмелетке толмаған балалар отырған жағдайда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салу ережелерін бұзу;

* бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкімшілік бақылау ережелерін немесе оған

* қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамауы;

* көлік құралдарының қозғалысына қасақана кедергі жасау.

 

Сондай-ақ, заң бойынша шенеуніктер "бұрынғы" заңсыз тексерулері үшін жазаланады. Бұл туралы 2 маусымда Мәжіліс отырысында депутат Гүлнар Бижанова мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының заңсыз тексеру жүргізу деректері бойынша жауапкершілігін күшейту мақсатында заң жобасы оларды әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін бір жылға дейін ұзартатынын түсіндірген болатын.

 

"Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын заңсыз тексеру жүргізгені үшін, сондай-ақ бақылау мен қадағалау нысандары бойынша жауапкершілігін күшейту мақсатында оларды әкімшілік жауапқа тартуға болатын мерзімді бір жылға дейін ұзарту ұсынылды", - деді депутат Гүлнар Бижанова Мәжілістің жалпы отырысында.

 

 




Көрілген: 765    Пікірлер: 0

жұма, 02.07.2021, 19:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30