Саяси сахна

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ конгрессмендері Девин Нуньес пен Рик Кроуфордты қабылдады

  • © akorda.kz

    © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресі өкілдері палатасының мүшелері Девин Нуньес пен Рик Кроуфордты қабылдады.


Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейту мәселелері, сондай-ақ өңірдің күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар талқыланды.


«АҚШ – Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекеттердің бірі. Біз сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық салаларда тығыз ынтымақтастық орнаттық. Елдеріміздің өзара табысты іс-қимылдарының маңызды бағыты қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласы болып табылады», – деді Мемлекет басшысы.


Америкалық конгрессмендер Қ.Тоқаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, көздеген реформаларының табысты жүзеге асуына тілектестік білдірді.


Конгрессмендер Қазақстанның Орталық Азиядағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті нығайтудағы рөліне жоғары баға беріп, Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын қайта қалпына келтіру ісіндегі бірлескен іс-қимылдардың маңыздылығына баса назар аударды.


 akorda.kz




Көрілген: 873    Пікірлер: 0

жұма, 09.08.2019, 18:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31