Саяси сахна

Қасым-Жомарт Тоқаев әлем теннисінің жұлдыздары Рафаэль Надаль мен Новак Джоковичпен кездесті

  • Қасым-Жомарт Тоқаев әлем теннисінің жұлдыздары Рафаэль Надаль мен Новак Джоковичпен кездесті

    Қасым-Жомарт Тоқаев әлем теннисінің жұлдыздары Рафаэль Надаль мен Новак Джоковичпен кездесті

 Қасым-Жомарт Тоқаев әлем теннисінің жұлдыздары Рафаэль Надаль мен Новак Джоковичпен кездесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы атақты теннисшілерді "Ақорда" резиденциясында қабылдап, Рафаэль Надаль мен Новак Джоковичке Қазақстанға келгендері және қайырымдылық матчына қатысатындары үшін ризашылығын білдірді.


"Бұл - қазіргі заманның даңқты теннисшілерінің ойынын Қазақстанда көруге керемет мүмкіндік. Аталған матчтың қайырымдылық мақсатта өтіп отырғаны аса маңызды. Сіздердің астанамызға келгендеріңіз Қазақстанда дамып келе жатқан тенниске үлкен қолдау екені даусыз. Бүгінгі балаларға көрсететін шеберлік сабақтарыңыз оларға жақсы үлгі болады және шабыттандырады деп сенемін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстандағы теннистің дамуына жоғары баға берген Рафаэль Надаль мен Новак Джокович Президентке кездесуге мүмкіндік жасағаны және тенниске көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыстарын айтты.


"Бұл менің Қазақстанға үшінші рет келуім. Әр келген сайын әсем Елорданың келбетінен рахат табамын. Дегенмен бұл жолғы сапарым ерекше. Өйткені ғажап "Ақорда" сарайында Өзіңізбен кездесуге мүмкіндік алдым", - деп атап өтті Рафаэль Надаль. "Президент мырза, Қазақстанда тенниске көрсеткен қолдауыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. Біз елдеріңізде теннистің насихатталуына және дамуына өз үлесімізді қосатынымызға қуаныштымыз, - деді Новак Джокович. Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларға табыс тілеп, Рафаэль Надальді шаңырақ көтеруімен құттықтады.


qamshy.kz




Көрілген: 739    Пікірлер: 0

жұма, 25.10.2019, 10:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30