Саяси сахна

Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықты Конституция күнімен құттықтады

  • Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықты Конституция күнімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықты Конституция күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды бүгінгі Конститутция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеп.


токаев


"Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!


Халқымыздың заң үстемдігіне, адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге ұмтылысы төл тарихымызда айқын көрініс тапқан.


Озық әлемдік тәжірибені, тарихи және ұлттық дәстүрлерді арқау еткен Қазақстан Конституциясы халқымыздың бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік негізі саналады", - деді құттықтау сөзінде Тоқаев.


Сонымен қатар, келесі жылы Ата заңымыздың 25 жылдығы екенін, осы уақыт аралығында заңымыз жасампаздық пен ілгерілеудің кепіліне айналғанын баса айтты. 


"Қазақстан тұтас құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жүйені қалыптастырып, жан-жақты жаңғыру жолына түсті. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған Ұлт жоспары мен институционалдық реформалар соның негізін құрайды.


Біздің мақсатымыз – экономиканың сапалы өсімін және халықтың әлеуметтік сұраныстарын қамтамасыз етіп, тұрмыс деңгейін арттыру, сондай-ақ мемлекеттің саяси жүйесін жетілдіру.  


Ата заң азаматтарымыздың мүддесіне қызмет етіп, елімізді одан әрі дамытуға септігін тигізе береді.


Барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!" - деп жүрекжарды тілегін білдірді. 




Көрілген: 671    Пікірлер: 0

жұма, 30.08.2019, 17:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 11:04
    Путин Зеленский жайлы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31