Саяси сахна

Қасым-Жомарт Тоқаев Білім министрі мен Есеп комитетінің басшысын қабылдады

  • © akorda

    © akorda

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдап, ведомствоның қазіргі жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы ақпаратпен танысты.


Қасым-Жомарт Тоқаев білім бағдарламалары мен оқыту деңгейі заман талабына сай келмейтін жоғары оқу орындарының лицензияларын өздігінен қайтарып алу мәселесінде министрлікті қолдады және аталған мәселе бойынша заңнамалық деңгейде тиісті нормативтік-құқықтық база әзірлеуді тапсырды.


Сонымен қатар Президент министрлікке 12 жылдық оқу мерзіміне қажетті инфрақұрылымды, бағдарламалар мен жалпы білім жүйесін дайындауға басымдық бере отырып, жүйелі түрде, асықпай көшу керектігі жөнінде тапсырма берді.


Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы берілген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады.


Президент квазимемлекеттік сектор жұмысының тиімділігі жайындағы талдау нәтижелерімен танысты. Н.Годунова бірқатар өңірдегі, атап айтқанда, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласына, сондай-ақ, жекелеген мемлекеттік органдарға жүргізілген аудит барысы жөнінде мәлімет берді. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. 


akorda.kz




Көрілген: 373    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.11.2019, 19:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31