Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қызметінен босатылған әкімдерге ризашылығын білдірді

07 сәуір 2022, 17:39

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін жұмыстан босатылған әкімдерге алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында Президенттің баспасөз қызметі мәлімет таратты. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстарының әкімдері лауазымында атқарған қызметі үшін Махамбет Досмұхамбетовке, Бердібек Сапарбаевқа, Гүлшара Әбдіқалықоваға ризашылығын білдірді» делінген хабарламада.

ҚазАқпарат.