Саяси сахна

Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваға ризашылық білдірді

  • © Sputnik / Абзал Калиев.

    © Sputnik / Абзал Калиев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваға ризашылық білдірді.

 

"Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылығымды білдіремін", - деп жазды ол Твиттерде.

 

Бұған дейін президенттің жарлығымен сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылған болатын.

 

Дариға Назарбаева 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап парламент сенатының депутаты болды. Өткен жылдың 20 наурызында депутаттар оны жоғары палатының спикері етіп сайлаған еді.

 

Бұған дейін, 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарды.

 

2012-2015 жылдары мәжіліс депутаты, парламенттің төменгі палатасының вице-спикері болды.

 

Дариға Назарбаева – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы. Ол 1963 жылдың 7 мамырында Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған. Тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян, неміс тілдерін меңгерген.

 

 

sputnik




Көрілген: 521    Пікірлер: 0

сенбі, 02.05.2020, 14:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31