Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті

27 ақпан 2022, 18:36

Француз тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі ахуал талқыланды. Мемлекеттер басшылары тұрақты байланыс жасап тұруға келісті. Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағының Президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлескен болатын.
inform.kz