Саяси сахна

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Талғат Қалиевті қабылдады

  • https://www.akorda.kz/

    https://www.akorda.kz/

Мемлекет басшысы ауған процесін реттеу жұмыстарын жандандыруды ескере отырып, Ауғанстан бойынша Арнайы өкілдің тиімді қызметінің маңыздылығын атап өтті. Президенттің пікірінше, аталған елде берік бейбітшілік орнату мәселесі Қазақстанның ұзақ мерзімді ұлттық мүддесімен сай келеді. Сонымен қатар Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді.

 

– АҚШ пен «Талибан» қозғалысы өкілдерінің арасындағы келісімнен кейін Ауғанстанға қатысты геосаяси жағдай жаңа кезеңге аяқ басты. Ауғанстан мен оның төңірегіндегі қазіргі үрдістердің қарқынын жіті бақылап, бұл елдегі ұлттық келісім мен қайта қалпына келтіру процесіне көмектесу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Қазақстан Президенті Арнайы өкілге ауған проблемасы бойынша екіжақты форматта және көпжақты келіссөздер механизмдері аясында шет елдік серіктестіктермен бірлесе отырып, тығыз жұмыс істеуді тапсырды. Бұл терроризм, экстремизм, заңсыз миграция және есірткі тасымалы сияқты қауіп-қатерлерге қарсы күрес тұрғысынан алғанда да маңызды саналады.

 

Мемлекет басшысы Қазақстанның ауған бағытындағы сауда-экономикалық мақсаттарын мейлінше белсенді түрде іске асыру керек екенін атап айтты.

 

akorda.kz

 




Көрілген: 183    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.03.2020, 18:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30