Саяси сахна

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады

 үгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті отандастар!

Баршаңызды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мерейлі мереке қанқұйлы жауды күйрете жеңіп, туған жерін қорғап қалған әкелеріміз бен аталарымыздың өшпес ерлігін дәріптейді.

Қазақстандықтар қиын-қыстау кезеңде батырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Майданға аттанған 1 миллион 200 мың азаматымыздың жартысы елге оралған жоқ.

Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Леонид Беда, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Иван Павлов, Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Мәлік Ғабдуллин, Хиуаз Доспанова, Рақымжан Қошқарбаев және басқа даңқты батырларымыздың есімдері мәңгі есте сақталады.

Соғыс жылдарында Қазақстанға көшірілген жүздеген өндірістік және өнеркәсіптік кәсіпорындарда мыңдаған отандасымыз еңбек етіп, Ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосты. Әрбір он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Ауыл халқы жауынгерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін аянбай тер төкті.

Біз ержүрек аға буынның алдында мәңгі қарыздармыз. Олардың қайсарлығы мен төзімділігінің, табандылығы мен патриоттығының арқасында бейбіт заманда өмір сүріп, жарқын болашағымызға жол аштық.

Биыл мереке күні өзгеше ахуалға тұспа-тұс келсе де майдангерлердің ешбірі елеусіз қалған жоқ.

Ардагерлерімізге мықты денсаулық және бақ-береке тілеймін!

Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық болсын!» - делінген президенттің құттықтауында.

Skifnews.kz




Көрілген: 379    Пікірлер: 0

жұма, 08.05.2020, 10:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қыркүйек, 00:59
    Праймериз деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30