Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мәжіліс отырысы өтіп жатыр.
Бұған дейін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынатындығын хабарлаған болатын.
Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды деп күтілуде.