Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларына қатысты мәлімдеме жасады

27 қазан 2020, 16:19

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

 

"Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын. Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет", деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.