Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

14 тамыз 2023, 10:30

Мемлекет басшысы Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Шахбаз Шарифке ізгі тілегін жеткізді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жеделхатта Пәкістан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап өзінің мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту ісінде зор жетістікке жеткені атап өтілген.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Исламабад арасындағы қарым-қатынастың достық сипатта екеніне назар аударып, екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты байланысты одан әрі дамыта түсуге дайын екенін білдірді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz