Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

25 ақпан 2022, 13:43

Мемлекет басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңеске қатысу үшін Қазақстанға келген Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады.

 

Кездесу барысында олар сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықты нығайтуға баса мән бере отырып, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективаларын талқылады.

 

Сонымен қатар Қазақстан Президенті мен Ресей Премьер-министрі Украинадағы жағдайдың ушығуына және Ресейге халықаралық санкциялардың енгізілуіне байланысты екі мемлекет арасындағы тауар айналымының төмендеуіне жол бермеу жөніндегі бірлескен шараларды қарастырды.

 

 

akorda.kz