Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке барды

17 маусым 2022, 00:05

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін Санкт-Петербургке келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ертең түске дейін Мемлекет басшысы Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен және Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен екіжақты кездесулер өткізеді.

Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады. Сонымен қатар Ресей Президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.