Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

05 сәуір 2022, 18:21

Президенттер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың және аймақтық кооперацияны кеңейтудің перспективаларын талқылады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Екі ел басшылары сауда-экономикалық және өзара мүддені көздейтін басқа да салалардағы ынтымақтастықты жандандыруға ерекше назар аударды.

 

Тараптар өзбек көшбасшысының былтыр желтоқсанда Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.

 

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

 

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан тарапы бастамашы болды.