Саяси сахна

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады

  • http://www.akorda.kz/

    http://www.akorda.kz/

«Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы» РҚБ президенті Азаматхан Әміртаевпен кездесу барысында еліміздегі экологиялық ахуал, халықтың экологиялық түсінігі мен мәдениетін арттыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды. А.Әміртаев шағын және орта бизнесті қолдауға және экологиялық жобаларды іске асыру үшін шетел инвестициясын тартуға қатысты бірқатар ұсыныс айтты.



«Қазақстан барысы» даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арман Шораев Президентке ішкі және сыртқы туризм саласындағы кейбір қордаланған проблемаларды шешу жолдарын, қазақ күресін халықаралық аренада ұлттық бренд ретінде қалыптастыру жайындағы көзқарасын жеткізді.


Қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарыммен кездесуде Қазақстандағы гуманитарлық ғылымның даму перспективалары, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне оның әсері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы мен идеологиялық саясаты сияқты мәселелер қозғалды.



Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысынан кейін Кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар Президент Әкімшілігі мен Үкіметте өткен жиындарда талқыланып, пысықтау жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.


– Нақты нәтижелерге қол жеткіздік. Жуық арада кейбір заңнамаларға енгізілетін өзгерістерді пысықтау керек. Содан кейін Ұлттық кеңестің екінші отырысы шақырылады, – деп қорытындылады Президент.


 akorda.kz




Көрілген: 232    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.11.2019, 18:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 11:04
    Путин Зеленский жайлы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30