Саяси сахна

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен не туралы сөйлесті

  • © akorda.kz/

    © akorda.kz/

Жұмыс сапарымен Мәскеуге барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді.

 

Күн тәртібінде Ауғанстандағы жағдайға қатысты өңірлік қауіпсіздік, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық және интеграциялық байланыстар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

 

Мемлекет басшысы Ресей Президентіне Мәскеуге шақырғаны үшін алғыс білдірді.

 

– Шын мәнінде, біздің байланыстарымыз ешқашан тоқтаған жоқ. Пандемия кезінде де онлайн жүйесінде және телефон арқылы байланысып тұрдық. Дегенмен, жүз рет естігеннен бір рет көрген жақсы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы барлық бағыттағы өзара ынтымақтастыққа жоғары баға берді.

 

– Қазақстан мен Ресей – одақтас елдер. Біз үнемі халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, қауіпсіздікті, әсіресе екіжақты ынтымақтастықты үнемі пысықтап отырамыз. Елдеріміз арасындағы қатынастарымыз стратегиялық әріптестік бағытында дамып отырғаны қуантады, – деді Мемлекет басшысы.

 

Владимир Путин екі ел арасындағы тығыз байланыстарды атап өтті.

 

– Біздің байланыстарымыз үзілген жоқ. Қатынастарымызды тұрақты, өте жоғары деңгейде және барлық бағыттар бойынша жүргізіп келеміз. Бұл – парламентаралық және үкіметаралық байланыстар. Жақында ғана біздің Үкіметіміздің басшысы Қазақстанда жұмыс сапарымен болып, ауқымды шаруалар атқарды және барлық кездесулер бойынша маған баяндап отырды. Пандемияға қарамастан бірінші жарты жылдықтағы  тауар айналымы 33 пайызға артты. Халықаралық ұйымдарда, соның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ арқылы да байланыс орнаттық. Барлық бағыттар бойынша ілгерілеушілік бар. Одақтастық байланыстарымыз нығайып, жаңа сапада тың мүмкіндіктерге жол ашылуда, – деді Ресей Президенті.

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты сауда-экономикалық байланыстар мен өңіраралық қатынастарды нығайтуды қолдады.

 

– Жаңа ғана екіжақты тауар айналымының нақты санын айттыңыз. Бұған қоса көршілес өңірлеріміздің тауар айналымы 70 пайызды құрайтынын да айта кеткен жөн. Өңіраралық ынтымақтастық форумында кездесуді жоспарлап отырмыз. Қазан айындағы кездесу жүзбе-жүз өтпесе де, онлайн байланыста болады. Одақтас байланыстарымызға тың қарқын беретін бұл кездесуді жұртшылық күтіп отыр, – деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

 

Ресей Президенті өз кезегінде жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне ерекше мән берді.

 

– Әрине, қазіргі таңда ең өзекті мәселе – қауіпсіздік. Әсіресе, Ауғанстандағы жағдай ушығып барады. Дүйсенбі күні Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясында бейнеконференция режимінде жиналып, пікір алмасамыз деп үміттенемін. Одан кейін қыркүйекте Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясында жоспарлы жұмысымызды жүргізе береміз, – деді Владимир Путин.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев туындап отырған сын-тегеуріндерге байланысты екі ел арасындағы өзара іс-қимылдардың маңызды екенін атап өтті.

 

– Шын мәнінде, біз қауіпсіздік мәселесіне қатысты саясатымызды үнемі кеңесіп жүргіземіз. Бұл мәселе, әсіресе, Ауғанстандағы жағдайға келгенде аса өзекті. Алдағы іс-қимылдарымызды жүйелеу үшін Сіздің осы жағдайға қатысты пікіріңізді білгім келеді, – деді Қазақстан Президенті. 

 

 

 

akorda.kz

 




Көрілген: 515    Пікірлер: 0

сенбі, 21.08.2021, 22:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31