Саяси сахна

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде кеңес өтті

  • © akorda.kz

    © akorda.kz

Жиынға Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Бақытжан Сағынтаев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов, Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Тимур Сүлейменов, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қатысты.


Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті әлеуметтік саясаттың айрықша маңызы, әсіресе, ауыр жағдайға тап болған адамдармен қатынасты қалыптастыруда екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті цифрлық платформаны қолдана отырып, бірыңғай әлеуметтік картаны кешіктірмей енгізу қажеттігін айтты.


Кеңес барысында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің атаулы әлеуметтік көмек көрсету жағдайлары жөніндегі есебі тыңдалды.


– Осы маңызды салада халықтың жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек көрсету шаралары кезінде заң бұзушылықтар, тіпті, алаяқтық жолдар да анықталды. Бұл бюджет үшін жоспарланбаған шығын, – деп баяндады Бердібек Сапарбаев.


Жиын қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы аталған саладағы теріс әрекеттерді жою үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау министріне атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібін реттеу жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, сондай-ақ, Президент Әкімшілігі мен Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.


 akorda.kz




Көрілген: 580    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.06.2019, 18:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30