Саяси сахна

Қауіпті індет пандемиясы: БҰҰ бас кеңсесі босап қалды

  • Қауіпті індет пандемиясы: БҰҰ бас кеңсесі босап қалды

    Қауіпті індет пандемиясы: БҰҰ бас кеңсесі босап қалды

Әдетте адам қарасы үзілмейтін АҚШ-та орналасқан БҰҰ бас кеңсесі бүгін босап қалды. Бұған әлемде белең алған коронавирус пандемиясы себеп болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Коронавирус қаупі: БҰҰ бас кеңсесі босап қалды

Фото: facebook.com/anuar.zhainakov

БҰҰ бас кеңсесіндегі ахуал жайлы Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңесшісі Ануар Жайнақов Facebook парақшасында мәлім етті.

Жайнақовтың айтуынша, туристерге арналған барлық экскурсия тоқтатылып, ғимаратқа залалсыздандыратын құрылғылар орнатылған.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш бас кеңседе өткізілуі тиіс барлық іс-шараларға 16 наурыздан бастап сәуір айының соңына дейін тоқтатты. Хатшылық қызметкерлері үшін жұмыс күні 3 күнге дейін азайып, мамандар қашықтықтан жұмыс істеуге көшкен.

Барлық ресми кездесулер, форумдар мен ірі іс-шаралардың өткізілуіне шектеу қойылған.

Сондай-ақ Ұлыбритания, Дания, Канада, Швейцария, Жаңа Зеландия, Ирландия, Бразилия, Фиджи, Мальта, Норвегия, Парагвай, Словакия, Австралия және Кирибати елдерінлег БҰҰ-ның Тұрақты өкілдіктері де кеңселерін жауып, қашықтықтан жұмыс істеуге көшкен.

 
 

Еске сала кетсек, Канада премьер-министрі Джастин Трюдоның әйелі Трюдо Софи Грегуар-Трюдоның әлем халқын дүрліктірген коронавирусқа шалдықты.

 

 




Көрілген: 468    Пікірлер: 0

жұма, 13.03.2020, 10:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31