Саяси сахна

Қазақстан ауылдарды су басуына байланысты Өзбекстанға нота жолдамайды – СІМ

  • © Sputnik Казахстан

    © Sputnik Казахстан

Қазақстан Түркістан облысындағы тасқынға байланысты Өзбекстанға дипломатиялық нота жіберуге ниетті емес. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды sputniknews.kz.

 

Бұған дейін "Атамекен Бизнес" телеарнасына берген сұхбатында Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов мемлекет Өзбекстанға Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуы туралы толық ақпаратты талап ететін ресми хат дайындап жатқандығын айтқан болатын.

 

Сыртқы саяси ведомствоның өкілі Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуы және Түркістан облысындағы он елді мекенді су басу жағдайы Қазақстан үкіметінің ерекше бақылауында екенін атап өтті.


"2 мамырда Қазақстан президенті Өзбекстан басшысымен телефон арқылы сөйлесті, тараптар қалыптасқан жағдайды талқылап, екі ел үкіметтерінің үйлесімді жұмыс атқаруы туралы келісімге келді. Су тасқыны салдарын бірлесе жою бойынша үкіметтер мен шекаралас аймақтардың басшылары тығыз ынтымақтастық орнатқанын ескерсек, өзбек тарапына нота жіберуге қажеттілік жоқ", - деді Смадияров.


 




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.05.2020, 17:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30