Саяси сахна

Қазақстан Байқоңырға Ресейден басқа елдерді тартпақшы

  • Қазақстан Байқоңырға Ресейден басқа елдерді тартпақшы

    Қазақстан Байқоңырға Ресейден басқа елдерді тартпақшы

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин алдағы уақытта Қазақстанның ғарыш саласында қандай жаңалықтар орын алатыны, жалпы, әуеге зымыран ұшырудың тұрғындар үшін қандай пайдасы бар екенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Министр ауылдарға байланыс тартуда Жер серіктерінің маңызы зор екенін сөз етті.

"Бізде бүгін байланыс тарататын 2 жасанды Жер серігіміз бар. Олар: Kazsat-2, Kazsat-3. Айтылған Жер серіктері еліміздегі ауылды мекендердегі интернет мәселесінің 85%-ын шешуге жұмылдырылуда. Бұл Жер серіктерінсіз ауылдарда сым жете бермейтін жерлерге интернетті жеткізу мүмкін болмайды. Бұған қоса, екінші мәселе - Жерді қашықтықтан мониторинг жасау. Бұл мониторинг жерді пайдалану үшін ғана жасалмайды, сонымен қатар, ауыл шаруашылығының тиімділігін бақылау, экологиялық жағдайды анықтауға септігін тигізеді. Мәселен, Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының жарылуын біз спутник арқылы мониторинг жасап, тиісті мемлекеттік органдарға көмектесіп отырдық. Судың қайда кетуін бақылап хабарлап отырдық. Үшінші мәселе - қорғаныс саласы. Дегенмен оны қалай қолданып жатқанын біз айта алмаймыз", -деді Мусин.

Қазақстанның Байқоңырда ғарышқа зымыран ұшыру бойынша екі жобасы бар екеніне тоқталған министр ғарыш саласындағы жаңалықтарды атады.

"Қазіргі таңда біз "Союз-5" зымыранын көкке ұшыруға дайындап жатырмыз. Бүгінде зымыран жасау бизнеске айналуда. Егер біз "Союз-3" зымыранын дамытып, ғарышқа ұшырсақ, бизнесті дамытамыз. Екіншіден, егер ертеңгі күні Ресей Байқоңырдан бас тартса, бізде модернизацияланған ғарыш айлағы мүлдем жоқ. Осы саланы дамытуымыз керек. Қазір біз Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей және Қазақстан болып, "Гагарин кешені" ғарыш айлағын модернизациялау туралы келісімдер жүргізілуде", - деді шенеунік.

Айтуынша, алдағы уақытта Байқоңырға Ресейден басқа елдерді тарту жоспарланған.

"Бұған қоса, біз Байқоңырға Ресейден басқа елдерді тартпақшымыз. Осы тұрғыда біз жақында Марсқа аттандырған комплексі сәтті болған БАӘ-мен тығыз байланыс орнатпақпыз", - деді Мусин

Айта кетейік, өткен аптада америкалық марсоход "Персеверанстың" Марсқа қонғаны хабарланды. Құрама штаттардың аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі Ұлттық басқармасы NASA-ның мәліметінше, марсоход жұмыс істеп бастаған, бірнеше, тіпті түрлі-түсті сурет жіберіп үлгерді. Жалпы, "Персеверанс" Марсқа соңғы айда қонған үшінші аппарат, оған дейін қызыл планетаның орбитасына Біріккен Араб Әмірліктері мен Қытайдың роботтары енген. Үшеуі де былтыр шілдеде ұшып шыққан. Жарты жылда 500 млн шақырымды артқа тастап.

Ғарышты зерттеу, игеру саласында жетекші рөлге ие мемлекеттер, мысалы, АҚШ былтырғы бюджетіне 22,6 млрд доллар салған. Ресей 2,6 млрд долларға жеткізбек. Ал біздің мемлекет 2019 жылы 0,19 млрд доллар жұмсаған.




Көрілген: 497    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.02.2021, 19:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30