Саяси сахна

Қазақстан бойынша жұмысын қайта бастайтын мекемелердің тізімі бекітілді

  • © primeminister.kz

    © primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

 

Карантин жағдайларында өңірлерде шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының арасындағы әуе рейстерін қалпына келтіру туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шараларына қатысты Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов баяндады.

 

Үкімет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру аясында Мемлекеттік комиссияның бірқатар шешімдерді қабылдағанын атап өтті:

 

1. Барлық өңірлерде 2020 жылғы 27 сәуірден, ал Шымкент қаласында биылғы 1 мамырдан бастап қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаумен жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді:

 

өнеркәсіптік кәсіпорындар;

 

құрылыс және жол құрылысы салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;

 

көлік, қоймалау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік, автокөліктерге қызмет көрсету салаларындағы ұйымдар және қызмет көрсету саласының кейбір түрлері;

 

банктер мен қаржы секторының ұйымдары.

 

Бұдан өзге, ІІ кезең аясында Нұр-Сұлтан қаласында төмендегілердің жұмысы қайта жанданады:

 

қаржы және сақтандыру секторларының ұйымдары;

 

электрлік тұрмыстық техника, сонымен қатар саяжай маусымына арналған тауарлар сататын ірі дүкендер.

 

Алматыда мына салалардағы компаниялар жұмысын қайта бастайды:

 

көлік және қоймалау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салалары;

 

қаржы және сақтандыру секторлары;

 

сервистік қызмет көрсету салалары (ТҚС, дөңгелек ауыстыру, тұрмыстық және кеңсе техникаларын жөндеу).

 

2. Облыстардың, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне биылғы 27 сәуірден бастап өңірлік штабтар әзірлеген ережелерге сәйкес аула алаңдары мен саяжай алқаптарының халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету тапсырылды.

 

3. 2020 жылғы 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы әуе қатынасын қайта жандандыру туралы шешім қабылданды. Бастапқы кезеңде ұшу жиілігі күніне 4 рейсті құрайды. Рейстер күшейтілген санитарлық талаптарды сақтап, аз жолаушылармен және салонда ерекше қашықтықты сақтау арқылы жүзеге асырылады.

 

«Әкімдерге қоғамдық орындарды, өнеркәсіптік аумақтарды, әуежайлар мен балалардың ауладағы ойын алаңдарын сапалы түрде санитарлық өңдеуге, жалпы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап, оған бақылау орнатуға ерекше көңіл бөлуді тапсырамын», — деді А. Мамин.

 

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар қазақстандықтарды шет елдерден елге жеткізу, ХҚКО-лар жұмысының жаңа форматын енгізу және т. б. мәселелерді қарастырды.

 

primeminister.kz




Көрілген: 471    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.04.2020, 18:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30