Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаттарына адалдығын сақтайды - Президент

25 қазан 2020, 21:35

Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаттарына адалдығын сақтайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

"1945 жылы 24 қазанда, яғни 75 жыл бұрын БҰҰ құрылды. Бұл жаһандық институт Қырғи-қабақ соғыс кезінде және жалпы құбылмалы кезеңде өз тиімділігін дәлелдеді. Сондықтан оның баламасы жоқ. Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаттарына, әмбебап ұйымның ұзақмерзімді мақсаттарына адалдығын сақтайды", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев

 

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына орай БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке құттықтау жеделхатын жолдады.