Саяси сахна

Қазақстан халқы Ассамблеясында Парламент Мәжілісіне депутат сайлауы өтіп жатыр

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының Парламент Мәжілісіне ҚХА-дан депутаттар сайлауға арналған ХХVІІІ сессиясы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Өздеріңіз білетіндей, 2007 жылы конституциялық реформа нәтижесінде қабылданған Ата заңға Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутат сайлау құқығы берілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Бұл қадам біздің қоғамның бірлігін нығайтуға, этностар мүдделерін білдіруге, олардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысуын жандандыруға бағытталған еді. Осы норма Біріккен Ұлттар Ұйымының, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың халықаралық пактілер мен конвенциялары аясында Қазақстанның адам құндылықтары, азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындау үдесіне жатады», - деді ҚХА Төрағасының орынбасары &ndash Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев.

 

Осы орайда ол бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттар анықталатынын атап өтті.

 

«Ассамблеяның 9 депутаты Қазақстанның барлық этностарының, бүкіл халықтың мүддесін білдіреді. Ал ҚХА-ның депутаттық тобы елдің татулығы мен бірлігін нығайту мәселелері бойынша партияаралық ынтымақтастықтың парламенттік тетігі рөлін атқарады. «Сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Ассамблея сайлайтын Парламент Мәжілісіне депутаттығына кандидаттар ұсыну Ассамблея Кеңесінің өкілеттігіне жатады. 2020 жылғы 11 желтоқсанда Ассамблея Кеңесінің отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан халқы Ассамлеясы сайлайтын кандидаттар ұсынылды», - деді Ж. Түймебаев.

 

Оның айтуынша, Ассамблея Кеңесі кандидаттар тізімін жасау барысында бірқатар маңызды критерилерді ескерді. Атап айтқанда: депутаттық корпустың сабақтастығы, аймақтық қамту, гендерлік теңдіктің қамтылуы, жастарды тарту, этникалық топтардың ескерілуі, депутаттық корпуста екі мерзімнен артық болмауы.

 

Кеңес қарауының қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісіне депутаттыққа Ассамблея сайлайтын кандидаттар ұсыну туралы шешім қабылданып, олар сайлау бюллетеніне енгізілді.

 

Ұсынылған 9 кандидаттың қатарында мыналар бар:

 

1. АБДРАХМАНОВ Сауытбек Абдрахманұлы

 

2. АМИРХАНЯН Аветик Рубенович

 

3. БУЛАРОВ Ильяс Юсупович 4.

 

ДЕМЕНТЬЕВА Наталья Григорьевна 5.

 

ЛИ Юрий Виссарионович 6.

 

НАБИЕВ Вакиль Гусейнович 7.

 

ОСИН Шамиль Абзалетдинович 8.

 

ТОХТАСУНОВ Владимир Имтахунович 9.

 

ХАМЕДОВ Абилфас Муслимович

 

 

 

 




Көрілген: 328    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.01.2021, 11:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31