«Қазақстан халқына»: Қамқоршылық кеңесінің мүшелері айлық алмайды

23 қаңтар 2022, 17:10

ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында қоғамдық қордың төрағасы Болат Жәмішев «Қазақстан халқына» Қамқоршылық кеңесінің мүшелері айлық алмайтынын айтты.

«Қор ең алдымен өз басымдықтарын айқындап алуы керек. Екі күн бұрын қордың қамқоршылық кеңесінің ұйымдастырушылық отырысы өтті. Сол отырыста ең алдымен қордың тұжырымдамасы жасалуы керектігі шешілді», - деген Болат Жәмішев қордың бюджеті мен штаты сол алда айқындалатынын мәлім етті.

Оның айтуынша, қамқоршылық кеңесінің мүшелері ешқандай айлық алмайды. Оның барлық мүшесі қоғамдық бастама ретінде жұмыс істейді.