Қазақстан Қырғызстанға әскери техникасын береді

12 мамыр 2022, 14:14

Қазақстанның қорғаныс министрлігі Қырғызстанның қарулы күштеріне бір реттік негізде әскери техникаларды береді. Қазіргі уақытта екі ел өкілдері көмек көлемін келісіп жатыр. Бұл жөнінде қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Камалетдиновтің сөзінше, берілген техниканы тек қауіпсіздік мақсатында ғана қолдана алады, үшінші тарапқа берілмейді және ТМД-ға мүше мемлекеттерге қарсы пайдалануға болмайды. Сондай-ақ ол жеткізудің барлық шығындарын қазақстандық тарап өз жауапкершілігіне алғанын атап өтті. 11 мамыр күні мәжіліс отырысында екі ел арасындағы тиісті келісімді ратификациялау туралы заң жобасы таныстырылды.

Депутаттар бұл құжатты қолдаған.