Қазақстан Қырым мен Севастополь бойынша қарарға неге қарсы дауыс берді? СІМ жауабы

28 желтоқсан 2022, 18:40

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілдері Ресейдің Қырымдағы әрекеттерін айыптайтын қарарға қарсы дауыс беру себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

15 желтоқсанда Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы "Қырым Автономиялық Республикасы мен Севастополь қаласындағы адам құқықтары саласындағы жағдай" резолюциясын қабылдады. Қазақстан бұл қарарға қарсы дауыс берді.

 

"Дауыс беру кезінде Қазақстан төмендегілерді негізге алды. Біздің еліміз БҰҰ Жарғысына сәйкес Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуді жақтайды. Сонымен қатар, біз Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын жақтаймыз. Біздің ұстанымымыз: бұл мәселе, Қырым Автономиялық Республикасы мен Севастополь қаласындағы Адам құқықтары саласындағы жағдай БҰҰ-ның арнайы органында, атап айтқанда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде (МӨС) қаралуы керек.

Сонымен қатар, БҰҰ Бас Ассамблеясының БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі туралы №60/251 қарарына сәйкес, АҚК өз қызметінде таңдамау, объективтік және саясаттануға жол бермеу қағидаттарын басшылыққа алуы керек. Қазір Қазақстан - басқа 46 мемлекетпен бірге БҰҰ АҚК мүшесі. Қазақстан 2013, 2015 жылдары Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшесі болған кезде де біз зиян келтірмеу, мәселелерді шешуге көмектесу қағидатын ұстандық және ұстанып келеміз", - деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров брифингте.

 

Сыртқы істер министрлігінің өкілі айтуынша, бұл қаулы бойынша Қазақстанның ұстанымы дәйекті және өзгермейді.

 

"Қазақстан осы қарар бойынша 2016 жылы 71-ші, 2017 жылы 72-ші, 2018 жылы 73-ші, 2019 жылы 74-ші, 2020 жылы 75-ші және 2021 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессияларында дауыс беру барысында осындай ұстанымда болды. Кейінгі екі аптада әлеуметтік желілерде түрлі эмоционал ақпарат тарап, Қазақстан қандай да бір мүддені жақтады, СІМ дұрыс жұмыс істемейді деген пікірлер қызу талқыға түсті", - деді ол.

 

Смадияров кейінгі екі аптада қоғам жағдайдың мәнін түсінбей желіде эмоционал ақпарат таратып кеткенін айтты.