Саяси сахна

Қазақстан мемлекеттік шекарадағы шектеу шараларын күшейтеді

  • Қазақстан мемлекеттік шекарадағы шектеу шараларын күшейтеді

    Қазақстан мемлекеттік шекарадағы шектеу шараларын күшейтеді

Түркиямен әуе рейстері бойынша 2020 жылғы 9 қарашадан бастап Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің санын аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқарту туралы шешім қабылданды.

2 қарашада ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Биылғы 2 қарашадағы жағдай бойынша ҚР көптеген өңірінде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Осы жылғы 5-18 қазан аралығында елімізде вирусты жұқтырған 1272 адам анықталды, 19 қазан мен 1 қараша аралығында &ndash 3352 адам. Тәулігіне 442 адам ауырып қалды. Өсу қарқыны 0,4%-ды, репродуктивтілік көрсеткіші 1,4-ті құрайды. Инфекциялық төсек орындары 22%-ға, реанимациялық орындар 18%-ға жүктелген. 

Бір ай ішінде сырқаттанушылық деңгейінің ең жоғары өсімі Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында байқалады. Үкімет басшысы бизнес субъектілері мен халықтың шектеу шаралары мен карантин режимін сақтауын бақылау жөніндегі мониторингтік топтар қызметінің тиімділігін арттыруды тапсырды. Премьер-Министр барлық өңірлер тұрақтандыру қорларын Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтеріне дейін жеткізу бойынша алға қойылған міндетті орындағанын атап өтті. 

Үкімет басшысы емханаларды, стационарларды, жедел жәрдем қызметтерін қажетті жабдықпен толықтыруды жалғастыруды тапсырды. 

Цифрландыру және денсаулық сақтау министрліктеріне ауруды жұқтырғандармен байланыста болған адамдарды, науқастарды қадағалау, санитариялық талаптардың сақталуына мониторинг жасау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеп, енгізуді жеделдету, Индустрия министрлігіне өңірлерге рентген аппараттарын, жедел жәрдем автокөліктерін жеткізуді жылдамдату, әкімдіктерге оларды қабылдауды тездету тапсырылды. 

ВАК бірқатар шешім қабылдады: 

І. Мына азаматтар үшін Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізу: 
ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері үшін;
 ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер үшін. Аталған санаттағы тұлғалар ҚР Мемлекеттік шекарасын 90 тәулікте 1 реттен артық кесіп өте алмайды (бұған дейін 30 тәулік болған). 

II. Визасыз режим бойынша 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 мамырға дейін ұзарту. ҚХР мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағат визасыз болуын тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту. 

IІІ. Түркиямен әуе рейстері бойынша 2020 жылғы 9 қарашадан бастап Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің санын аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқарту.




Көрілген: 372    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.11.2020, 23:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Желтоқсан 2020
    Әблязов 15 жылға сотталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31