Саяси сахна

Қазақстан мен Қырғызстанның Ішкі істер министрлері Алматыда кездесті

  • Қазақстан мен Қырғызстанның Ішкі істер министрлері Алматыда кездесті

    Қазақстан мен Қырғызстанның Ішкі істер министрлері Алматыда кездесті

Ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту туралы келісім жасалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеп.

Осыған орай екі елдің ішкі істер органдары шекара маңында орналасқан аудандардағы криминогендік жағдайды жақсарту және мемлекеттер экономикасын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдауда. 
Бүгін өткен кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанның Ішкі істер министрлері Ерлан Тұрғымбаев пен Ұлан Ниязбеков екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу барысында екі елдің полиция ведомстволарының басшылары трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте ішкі істер органдарының бірлескен күш-жігерін одан әрі үйлестіру және жұмысын жандандыру, жедел, криминалистикалық, құқықтық ақпарат алмасу туралы ниеттерін білдірді.

Қырғызстанның ІІМ басшысы Қазақстанның ішкі істер органдарын жаңғырту, соның ішінде полиция қызметін цифрландыру, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ведомстволық білім беру реформасы мәселелері бойынша халықпен қарым-қатынас жасау, сондай-ақ азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру және олармен тиімді кері байланыс орнату мәселелеріне ерекше қызығушылық танытты.

"Қазіргі заман талабына сай Қырғызстанда Қазақстандағы сияқты сот-құқық жүйесін, оның ішінде ішкі істер органдарын реформалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі кездесу ішкі істер органдарының қызметін реформалау саласында оң тәжірибе алмасу үшін пайдалы болатынына сенімдімін. Біз ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз және өзара байланысты күшейтуді ұсынамыз", - деді Ұлан Ниязбеков.

Жедел-іздестіру қызметі бойынша ынтымақтастық оң нәтижелер беруде. Өткен және ағымдағы жылдың үш айында Қазақстанда қылмыс жасауға қатысы бар 35-тен астам адам анықталды. Өз кезегінде Қырғызстан милиция қызметкерлері іздеу жарияланған 17 күдіктіні ұстады.

Министр Ерлан Тұрғымбаев жуырда ғана Алматыда бірлескен арнайы операция нәтижесінде автокөліктер арқылы жасалған бірнеше алаяқтыққа қатысы бар ҰҚТ мүшелерінің бірі ұсталғанын хабарлады. Бірқатар тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін ол көрші республикаға экстрадицияланады.

Шекара маңы ынтымақтастығы дамуда. Алматы және Жамбыл облыстарының аумақтық полиция бөлімшелері көршілес республиканың Ыстықкөл, Шу және Талас облыстарындағы қырғыз әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста.

"Екі елдің ішкі істер органдарының ынтымақтастығы жоғары деңгейде. 2015 жылдан бастап үйлестіру жұмыс тобы жұмыс істейді, оның құрамына әкімшілік, криминалдық полиция, көші-қон қызметі және басқа да бөлімшелердің өкілдері кіреді. Біздің мамандар бірлескен операциялар мен іс-шараларды жүргізіп, қылмыстарды бірге зерделейді, қылмыстық топтардың әрекеттерін, есірткіні тасымалдауды, заңсыз көші-қон арналарын анықтайды және жолын кеседі. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтап қалмауы тиіс, өйткені ішкі қауіпсіздік қана емес, жалпы Орталық Азия қауіпсіздігі де осыған байланысты",-деп атап өтті Қазақстан ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

Тараптар екі елдің полиция ведомстволарының қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес, оның ішінде оның трансұлттық және ұйымдасқан нысандар бойынша тығыз байланыс жалғасатынын атап өтті.  




Көрілген: 402    Пікірлер: 0

сенбі, 03.04.2021, 21:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31