Саяси сахна

Қазақстан Президенті Әзербайжан Милли Мәжілісінің спикері Сагиба Гафарованы қабылдады

  • © akorda.kz/

    © akorda.kz/

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы қатынастардың ерекше сипатқа ие екенін айтты.  

 

– Соңғы жылдары мемлекетаралық ынтымақтастығымыз қарқынды дамып келеді. Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен әрдайым байланыстамын. Біз елдеріміз арасындағы өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы үнемі пікір алмасамыз. Тәуелсіздік алған уақыттан бері елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты табысты жалғастырып келеміз, – деді Президент.

 

 

Мемлекет басшысы екі елдің парламентаралық диалогының жанданып келе жатқанын ерекше атап өтті. 

 

– Кейінгі жылдары парламенттік дипломатия бірте-бірте саяси маңызға ие болып келеді. ТүркПА-ның жуырда өткен отырысының қорытындылары – мұның анық дәлелі. Аталған жиын өте табысты болды және бірлескен өте мазмұнды құжат қабылданды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

Милли Мәжіліс спикері кездесуге мүмкіндік бергені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Президент Ильхам Әлиевтің жүрекжарды сәлемін жеткізді. Сонымен қатар ТүркПА жұмысының қорытындылары туралы айтты.

 

– Біз Ассамблеяның жұмысына атсалысқанымызға өте қуаныштымыз. Қазақ халқының рухани орталығы – Түркістанда болған екі күн ішінде, онда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға куә болдық. Көргеніміздің бәрі бізді қатты тамсандырды. Әзербайжан мен Қазақстан бауырлас мемлекеттер. Бізді түркілік тамырымыз, ортақ мәдениетіміз бен дәстүріміздің ұқсастығы сияқты көп дүниелер біріктіреді. Сонымен қатар Әзербайжан мен Қазақстан – стратегиялық серіктестер, – деді Сагиба Гафарова.

 

 

 

akorda.kz




Көрілген: 584    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.09.2021, 17:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31