Саяси сахна

Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесу өткізді

  • https://www.akorda.kz/

    https://www.akorda.kz/

Кездесу барысында Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Пандемияға қарсы күрестегі бірлескен іс-қимылдарға, сондай-ақ, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. 

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырдың Қазақстан мен аймаққа жасаған сапары Орталық Азияның рөлі артып келе жатқанын көрсететінін атап өтті.   

 

– Орталық Азияда болып жатқан ахуалды бағалау тұрғысынан Сіздің бұл сапарыңыз аса маңызды. Аталған аймақ жаһандық саясат аясында зор маңызға ие болып келе жатыр. Өзіңізді БҰҰ Бас Ассамблеясының сайланған төрағасы ретінде көргеніме қуаныштымын. Сіздің осы жауапты әрі маңызды миссияңыз табысты болады деп ойлаймын. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымын мультилатерализмнің діңгегі ретінде қарастырамыз. Қазақстан БҰҰ-ның мақсаттарын толық қолдайды. Ассамблея Сіздің дана басшылығыңызбен Ұйымның мақсатына қол жеткізуіне, әсіресе, қалыпты өмірдің барлық саласына әсер еткен пандемияның теріс салдары кезінде елеулі үлес қосады, – деді Қазақстан Президенті.

 

 

Мемлекет басшысы халықаралық қоғамдастықтың пандемия салдарына қарсы күресте жұдырықтай жұмылуы қажет деп санайды.

 

– Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде дағдарыстың салдарын еңсеру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Біз өзіміздің төл вакцинамызды әзірледік. Келешекте, қажет болған жағдайда, оны мұқтаж елдерге ұсынуға дайынбыз, – деді Президент.

 

 

Волкан Бозкыр Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығының қорытындыларын, сондай-ақ, Сирия қақтығысын реттеу үшін жүргізген жұмыстарын жоғары бағалады.

 

– Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмысына өте белсенді атсалысады. Сіз БҰҰ жүйесінде көп жыл жұмыс істедіңіз. Тәжірибеңіз мол. Елдің басшылығы да Ұйыммен белсенді ықпалдастық жасайды. Қазақстанның Сирия қақтығысын Астана процесі ретінде белгілі бейбіт жолмен реттеуге қосқан үлесін қолдаймын, –  деді БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы.

 

 

Сонымен қатар әңгімелесу барысында Ауғанстандағы ахуалға байланысты өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері де сөз болды.

 

 

 

 

akorda.kz




Көрілген: 873    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 19:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30