Саяси сахна

Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Германияға барды (ВИДЕО)

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Сапар бағдарламасы аясында Президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясының панельдік пікірталасына қатысады.

 

Айта кетейік, Қазақстан Президенті бірнеше мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ академиялық топтардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

 

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында конференцияда Қасым-Жомарт Тоқаевтың аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты пікірталасқа қатысып, «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азия туралы әңгіме» тақырыбында сөз сөйлейтіндігін жазды. Аталған Мюнхен конференциясына 40-қа жуық мемлекеттің басшылары, 100-ден астам сыртқы істер және қорғаныс министрлері, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылар, Еурокомиссия өкілдері, сондай-ақ Еуропалық парламент депутаттары қатысады деп күтілуде.

 

Мюнхен қауіпсіздік конференциясының 56-шы отырысы 2020 жылдың 14-16 ақпаны аралығында өтеді. Алдын ала ақпарат бойынша, конференцияны Германияның федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайер ашатын болады.

 

Бүгінде бірқатар елдің басшылары форумға қатысандықтарын растады. Конференция күнтәртібінде «ЕО мен НАТО болашағы», «Киберқауіпсіздік», «Денсаулық сақтау мәселелері», «Сауда соғыстары мен санкциялар», «Жалған ақпарат, насихат пен күмәнді жаңалықтар», «Қытай рөлі мен ЕО-ның Ресеймен және АҚШ-пен қатынасы», «Таяу Шығыстағы ахуал» тақырыптары талқыланбақ.

 

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысуы Қазақстанның бастамаларын әлемдік аренада ілгерілетудің, бітімгершілік саласындағы негізгі өңірлік ойыншы ретіндегі Қазақстанның беделін нығайтудың маңызды кезеңі болады.

 

Сонымен қатар, бүгінгі кездесулер 2019 жылғы желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді іске асырылуына айтарлықтай ықпал етеді.

 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен баратыны айтылған еді.

 

ВИДЕО: www.facebook.com/100003403233694/videos/2616474658475950/

 

вИДЕО; www.facebook.com/100003403233694/videos/2616474705142612/

 




Көрілген: 418    Пікірлер: 0

жұма, 14.02.2020, 17:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қыркүйек, 00:59
    Праймериз деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30