Саяси сахна

Қазақстан президенті қандай реформаларды қолға алатынын айтты

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстанның жаңадан сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта жүргізетін негізгі реформаларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"1 қыркүйеккке дейін жемқорлықтың деңгейін мейілінше төмендетуге бағытталған реформалар топтамасы дайындалады. Жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін кесел, қоғамдағы өзара сенімге, жалпы, мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз", - деді Тоқаев бүгінгі ұлықтау рәсімінде.


Оның айтуынша, жақын арада үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Сол жерде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттар айқындалады.


"Тағы бір бағыт – сот және құқық қорғау жүйесін реформалау. Сот – заң үстемдігінің кепілі. Сондықтан судьялар жоғары кәсіби және адамгершілік талаптарына сай болуы қажет. Судьялар мен осы қызметке үміткерлерді бағалау және іріктеу жүйесін қатаңдату керек. Сот әділдіктің соңғы шегі болуы тиіс. Құқық қорғау жүйесінің басты міндеті – халықтың сеніміне ие болу", - деп атап көрсетті Тоқаев.


Жаңа жұмыс орындарын ашу мен халықты лайықты жалақымен қамту да ерекше назарда болады. Президенттің сөзіне қарағанда, ұлттық табысты әділ бөлу мәселесі – бұл стратегиялық маңызы бар дүние.


"Мемлекеттік бюджеттің қаражатын ең алдымен келешегі зор мақсаттарға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бөлу керек. Бұдан бөлек, түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айрықша назар аударамын. Біздің алдымызда бірыңғай тұрғын үй саясатын жасақтау міндеті тұр. Үкімет осы бағытта нақты шаралар қыбылдайды", - дейді Тоқаев.


Оның айтуынша, жаппай білім беру мен сапалы медициналық қызмет көрсетуге басымдық беріледі. Осыған орай, мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесіне арналған жаңа заңдар қабылданады. Сондай-ақ, өңірлерді дамыту шараларына баса назар аударылады.


"Антқа адал болу, сертке берік болу – менің халық алдындағы парызым. Қазақстанның жарқын болашағы үшін, халық үшін аянбай еңбек етуге серт беремін", - деді Тоқаев.


 




Көрілген: 583    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.06.2019, 14:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30