Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге ресми сапармен барды

03 сәуір 2019, 15:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен келді.

Сапар барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді, сондай-ақ, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен және Ресейдің зиялы қауым өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады.

Ресми сапар қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімде жасайды және бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарлануда.

akorda.kz