Қазақстан Президенті Петербургтегі «Экспофорум» көрме орталығына барды

17 маусым 2022, 18:43

Қазақстан Президенті Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін «Экспофорум» көрме орталығына барды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорда-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін белгілі болғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Петербор халықаралық экономикалық форумының 25-мерейтойлық жиынына қатысады.

 

Мемлекет басшысы форумның пленарлық отырысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған.