Қазақстан Президентінің қайта вакциналаудан қашан өтетіні айтылды

25 желтоқсан 2021, 14:52

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы әлеуметтік желіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қашан қайта вакцина (ревакцинация) алатынын жазды деп хабарлайды alashainasy.kz.

 

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли:

 

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 індетіне қарсы вакцинаны қайта салдыруына қатысты маған көптеген сұрақ келіп жатыр.

 

Мемлекет басшысы келесі жылы қаңтар айында қайта вакциналаудан өтеді. Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа қолжетімді екпелердің бірін салдыратын болады.